info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Студенттерді бизнеске баулуды көздейтін семинар өтті

Жаңалықтар
04.04.2016

Көкшетаудағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында студенттерге арналған «Идеядан бизнеске дейін» атты семинар өтті. Оған ЖОО мен колледждердің алпыстан аса студенттері қатысты.

Кездесуді «Даму» Қорының кеңесшілері ұйымдастырған. Аталған семинардың мақсаты - студенттерді кәсіпкерлікке баулып, осы жолда көрсетілетін мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру болды.

Семинар барысында студенттер бизнес идеяны қалай дұрыс таңдау және сынап көру, бизнес ашу, салық салу мен төлеудің тәртібі, алғашқы капиталды қайдан алу керектігі жөнінде мағлұматтар алды. Қор кеңесшілері «Даму» Қорының несиелендіру бағдарламасы, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ қаржысыз қолдау туралы айтып берді.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» МКМ маманы Меруерт Нұрақаева «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының көмегімен өз мамандығы бойынша жұмыс тауып, тәжірибе алып және қажетті тәжірибе жинау туралы айтып берді.

Семинарда студенттер барлық сұрақтарына жауап алды. Оларды көбіне гранттық қаржыландыру жайы қызықтырды.