06.12.2013 ж. Директорлар кеңесінің шешімімен (№47 хаттама) Қордың Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы Н.Н. Лямина Қордың Омбудсмені ретінде тағайындалды.
Омбудсмен тікелей Қордың Директорлар кеңесіне есеп береді және өз қызметін Қордың ішкі құрылымдарына тәуелсіз жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, Іскерлік этика кодексін, Қордың басқа ішкі нормативтік құжаттарын бұзу мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлық және басқа құқыққа қайшы әрекеттер бойынша Қордың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері, сондай-ақ мүдделі тұлғалары тиісті шаралар қабылдау үшін хабарласуға құқылы:
1) тікелей Омбудсменге ;
2) сенім телефоны бойынша +7 727 2 448 320;
3) электронды ақпараттық сенім жүйесі бойынша: ombudsman@fund.kz.