Call-center (қонырау тегін)
1408
Астана Start Up

Астана Start Up

 «Startup Academy» жобасы стартаптардың дамуына қолайлы жағдай жасап, акселерация арқылы кешенді қолдау көрсетуді көздейді.

Жобаға кім қатыса алады?

Жасына және саласына шектеу жоқ, алдын-ала іріктеуден өткен стартаптар.

Стартап деген кім?

Кәсіпкерлік қызмет идеясы туындаған кезеңнен бастап кәсіпкер ретінде ретінде тіркеуден өткеніне 3 (үш) жыл өткен кәсіпкерлік жоба

Акселерация деген не?

Стартаптарды оқыту арқылы консультациялық және практикалық қолдау, тәлімгерлік, сараптамалық қолдау көрсету, тендерлер арқылы бәсекелес ортаны құру арқылы жедел дамуына көмек көрсету үдерісі

Жоба қайда іске асырылған?

Жоба әріптестік ұйымдар (бизнес-инкубаторлар, кооперативтік орталықтар, технопарктер және / немесе басқа да университеттер) негізінде жүзеге асырылады.

Іске асыру механизмі

1) Стартаптарды қабылдау және таңдау;
2) Стартаптардың материалдық, техникалық, ақпараттық, интернет және басқа да ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету;
3) Стартаптардыңакселерациясы;
4) инвесторларды / демеушілерді тарту бойынша стартаптарға көмек көрсету;
5) Қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға өтінім беру және / немесе мемлекеттік субсидияларды алуға көмек көрсету;
6) Үздік стартап үшін шетелдік тәжірибе ұйымдастыру;
7) Жобаны іске асыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.

Жобаның мерзімі

Жоба тұрақты негізде жүзеге асырылады

Кім қаржыландырылады

Қордың өз қаражаты

Оқытудың нәтижесі қандай?

Курстың соңында студенттер сертификат алады.

Жобаның нәтижесі қандай?

Жаңа бизнес құрады

Қосымша мүмкіндіктер

Жоба аясында осы мақсатта тартылған қаражат болған жағдайда стартап бастаманы іске асыруға гранттар беріледі.

 


Қатысушы банктер