info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодар облысында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аяқталды

Жаңалықтар
04.04.2016

Павлодар облысында «Кәсіпкерліктің құзіреттілігін арттырудың біріңғай бағдарламасы» аясында өткізілген «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аяқталды.

«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасының жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарындағы студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, кәсіпкерлік қабілеттерін шыңдап, жеке ісін ашуға жағдай жасап, көмек беру болып табылады.

«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалына барлығы 32 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасы олардың ішінен іріктеп алған 20 үздік бизнес–идея иелері одан әрі білімін жетілдіретін болады. Тыңдаушылардың ішіндегі 14 адам Павлодар облысы бойынша «Enactus» өкілдері болды.

6 күн бойы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанында семинардан өткен жастар кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерліктің психологиясы, заңдық, қаржылық аспектілері, менеджмент, маркетинг, бизнес–жоспарлау және тағы басқа бағыттар бойынша дәріс алды. Семинар соңында әр қатысушыға оқудан өткені туралы сертификат пен қолданбалы материалдар тапсырылды.

Студенттер одан кейінгі 2 апта ішінде «Даму» Қорының кеңесшілерінің көмегімен өздерінің бизнес–жобаларын пысықтап, «Бизнес– идеялар марафонына» жібереді.