«Тәуелсіз Қазақстан» атты үгіт-насихат пойызы Қазақстанның елді-мекендеріне Астана қаласыннан 1 қарашада жол тартқан болатын. Шара Қазақстан Респуликасының 25 жылдығына арналған. Пойыз 43 күн ішінде еліміздің шалғайда орналасқан 35 аймағын аралайды. Пойыз 14 желтоқсан күні Алматы қаласына келіп тоқтайды. Пойыз құрамында медицина, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалардың білікті мамандары бар.
Пойыз Алматы облысы бойынша алғашқы болып 6 желтоқсанда Панфилов ауданы, Алтынкөл бекетіне келді. Ол жерде салтанатты іс-шаралар өтіп, Алматы облыстық аймақтық «Даму» Қорының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда филиал директоры Бақыт Мұсаев, бас менеджерлер Мырзатаев Дәуренмен Нұрғазинов Жандос болды.
Аталған мамандар тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бір күн ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Сол себепті «Даму» қоры жүзеге асырып жатқан мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар саны көбейді деуге де болады.
Кеше пойыз Алтынкөл бекетінен облыс орталығы Талдықорған қаласына жеттіп, маңызды миссияларын жалғастырды.