Көкшетауда «Даму» қоры бастамасымен «Экономикалық журналистика» атты тренинг өтті.
Тренинг барысында БАҚ менеджері Ольга Каплина күрделі экономикалық тақырыпты қарапайым тілде қалай жазуға болады және бұл салада ақпарат көзін қайдан табу керек деген секілді тақырыптар бойынша дәріс оқыды.
Бәрінен бұрын журналистер барлық теориялық материалды іс жүзінде пайдалану мүмкіндігіне риза болды. Тренинг барысында қатысушылар ойын ойнап, тапсырма орындады. Жаттығудың бірі – Қор қызметкерлерімен баспасөз мәслихатын өткізу болды. Конференция соңында журналистер қателерін тауып, неден мүлт кеткендерін талқылады.