menu
Жабу

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
08.08.2017

Бүгін Тараз қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны екінші деңгейдегі банк филиалы, Жамбыл облыстық әкімшілігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Сарысу және Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бірлесіп ұйымдастырған.



Кездесу барысында «Даму» Қорының бас менеджері Олег Пак Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 29.12.2016 ж қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының шарттары жайлы, қалаларда кредит/микрокредит беру ережесін және қалада берілетін микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредит бойынша кепілдендіру ережесі жайлы айтып берді.


Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Бағдарлама бойынша «Нұрбанк» АҚ (1 млрд.) және Банк ЦентрКредит (320 млн) қаражат алды.