13-14 маусым-2017ж. СҚО бойынша «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында кәсіпкерлік бастамасы бар мүмкіндігі шектеулі әйелдерді оқыту семинары өткізілді. Бұл оқытуды «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ бірге «Даму» Қоры ұйымдастырды.
Тренингке қоғамдық жұмыстармен айналысатын, бизнес ашқан және жеке істерін ашуды жоспарлап жүрген әйелдер қатысты.
«Мүгедектігі бар әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасының үшінші кезеңінің аясында өткізілген тренингтің мақсаты ішкі кедергілерді жеңу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
«Тренинг арқасында мүгедектігі бар әйелдер кәсіп игеру барысында дамуына кедергі болған орынсыз ұялуды, қорқынышты жеңеді»,-деді «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ , ақпараттық менеджері Мария Тарасова.
Айша Шаукерова, семинардың белсенді қатысушысы. Үйде қолөнерімен айналысады. Өткен жылы ісін жаңа бастаған мүгедек кәсіпкер «Даму» Қорының «Даму-Көмек» жобасына қатысты.