menu
Жабу

«Даму» Қоры CASI-дің Гонконгтағы әлеуетті арттыру жөніндегі екінші іс-шарасына қатысты

Жаңалықтар
25.06.2024

2024 жылғы 24 маусымда Гонконгта Green Investment principles for Belt and Road (GIP) шақыруымен «Даму» Қоры Басқарма төрайымының орынбасары Бақытжан Мақажанов CASI-дің әлеуетті арттыру жөніндегі екінші күндізгі іс-шарасы аясында «Азияда жасыл және төмен көміртекті экономикаға көшуді қаржыландыру» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Photo GIP 2.jpg

«Даму» қоры 2023 жылғы желтоқсанда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының (SOR28) 28-ші конференциясы аясында Орталық Азиядағы GIP қол қоюшылары қатарына қосылған еді. GIP-ке мүше болу жасыл жобалар үшін капитал тарту мүмкіндіктерін арттырады, әлемдік қаржы институттарымен диалогта қолдау көрсетеді, климаттық және экологиялық қатерлерді бағалау үшін материал, зерттеу, талдау және құралдармен қоса ақысыз құралдарды да ұсынады.

Бұл іс-шара тұрақты даму векторлары ретінде Азиядағы жасыл қаржыландыру және төмен көміртекті ресурстарға көшу мәселелеріне арналған. Бұл іс-шара қаржы институттары мен ұйымдарының жоғары деңгейлі өкілдерін жинады және Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Шығыс Азияға баса назар аудара отырып, өңірде байланыс орнатуда шешімдер мен мүмкіндіктерді анықтау үшін маңызды халықаралық алаңға айналды.

Photo GIP 1.jpg

Сессия барысында сөз алған Бақытжан Мақажанов өтпелі кезеңді сенімді қаржыландыру жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгінгі күні өтпелі кезеңді қаржыландыру – ұжымдық климаттық мақсаттарға жетудегі басты мәселе болып отыр. Сонымен қатар, қазір өзекті саналатын «гринвошинг» тақырыбы, атап айтқанда, таксономияны өтпелі кезеңдегі іс-шараларды қаржыландыру үшін қолданатын жолдар мен шешімдерді іздеу де талқыға түсті. Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тәжірибесі, атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі негізгі оператор – «Даму» Қорының Қазақстанның жасыл жобаларын дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар мен қаржылық бағдарламаларды әзірлеп, енгізу жолдары ұсынылды.