menu
Жабу

«Даму» Қорында «Жақсылық жаса» атты жәрмеңке өтті

Жаңалықтар
20.12.2016

15 желтоқсанда «Даму» қорында Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету орталығы InvaMade.kz сайтының құрылтайшыларымен бірлесіп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Онда әр адамның ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өз қолынан жасалған заттарды сатып алуға мүмкіндіктері болды.

InvaMade.kz (http://invamade.kz/) – бұл сайтта сатып алушыларға кең ауқымды өнімдерді сатуға мүмкіндік беретін ең алғашқы қазақстандық интернет-дүкен. Дүкенде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өз қолдарымен жасалған заттары сатылады.

«Сайт осы жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді, менің жеке кәсіпкерлігім де осы уақыттан бері істейді. Бүгінгі күні біз сайтта күніне 1 өнімнен күнделікті тапсырыстарды қабылдаймыз. Бүгінгі күнде бізде тауарларды жеткізу қызметі бар,-дейді сайттың негізін қалаушы Айжан Хамитова.

Жәрмеңкеге таңғажайып ойыншықтарды тоқитын қолөнер шебері Анар Лепесова қатысты. Ол кәсіби тоқумен үш жылдан бері айналысады. «Мен ойыншықтарды ілгекпен тоқимын және жапон техникасы амигуруми бойынша жасаймын»,-дейді ол.

Биыл Анар «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде грант жеңіп алды. Енді қолөнер шебері ойыншықтар тоқитын, сонымен қатар балаларға тоқуды үйретуге болатын өз шеберхана ашады.