menu
Жабу

Астанада қаласында мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

Жаңалықтар
15.12.2016

Өткен аптада «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Астана қаласы бойынша аймақтық филиалы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысуымен Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіп саласымен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау Бағдарламалары және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары шеңберінде қолдау алған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды.

Пресс-тур шеңберінде республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері Жеке кәсіпкер Тельбаева Ж.О. аяқ киім шығаратын цехы және «Ювелирная компания Kazyna Gold» ЖШС әшекей бұйымдар шығару цехын барып көрді.

Тельбаева Ж.О ЖК «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуының арқасында, «Сбербанк» ЕБ АҚ-нан алынған несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4%-ға дейін арзандатылды және несие алу барысында «Даму» Қоры Банк алдында кәсіпкер үшін кепілдік берді.

Жангүл Тельбева осы уақытқа дейін Түркия елінен аяқ киім тасып, сатумен айналысқан екен. Уақыт өте келе аяқ киім өндірісін елде ашуды шешеді. «Даму» Қорынан кеңес алып, мемелекеттік бағдарламаға қатысуға өтінішін білдіріп, өнірісіне керекті құрал-жабдықтар мен шикізаттар сатып алды.

Қазіргі таңда Жангүл әйелдерге және ерлерге арналған аяқ киімдерін шығарумен айналысып келеді. Керекті айналым құралдарын Қазақстанда, яғни теріні Алматы қаласынан, жүнді Көкшетаудан алып отыр.

Іскер әйелдің алдағы жоспарында өзінің Begim-Sulu Fashion Shoes аяқ киім брендін тіркеу болып отыр.

ЖК Тельбаеваға төленген субсидия көлемі 430 мың теңгені құрайды.

Келесі барған кәсіпорын – «Ювелирная компания Kazyna Gold» ЖШС әшекей бұйымдарын шығару цехы.

Кәсіпорынның тарихы 1994 жылдан, зергерлер әулиетінің кішкене цехынан бастау алады.

Барлық зергерлік бұйымдар классикалық үлгіде және зергерліктің қатаң қағидаларымен дайындалып отырған. Осының арқасында сұраныс тұрақты түрде болып, зергерлер отбасының шеберлік сыры қорғалып, сақталып, әкеден балаға беріліп отырған.

2014 жылдың сәуір айында «KAZYNA GOLD» бренді құрылды. Бүгінгі таңда «KAZYNA GOLD» жаңашылдықпен отбасылық дәстүрді сақтай отырып, заманауи этно-стильді бұйымдар шығаруда. Кәсіпорын өндірісте тек отандық шикізатты қолдануда отыр.

Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуының арқасында, «Цеснабанк» АҚ-нан алынған несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесін арзандатып, өндіріске қажетті материалдар сатып алды. Бұл жоба бойынша субсидияның көлемі 698 мың теңгені құрап отыр.

Анықтама:

2010 жылдан бастап «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының Қаржы агенттігі ретінде, бағдарламаны белсенді түрде жүзеге асырып келеді.

Бағдарлама бастау алғалы бері 7 000 астам қазақстандық кәсіпкерлер субсидия және кепілдік ретінде мемлекеттік көмекке ие болды, төленген субсидия мөлшері 138 967 млн. теңгені құрайды. Астана қаласында аталған мемлекеттік көмекті 500 ден астам кәсіпорын алып отыр.

Ағымдағы жылдың басынан бері Астана қаласында несиенің барлық сомасы 20 200 млн.теңге құрайтын 71 субсидия келісім-шартына қол қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері 62 жоба кепілдік бойынша мақұлданды. Қол қойылған кепілдік келісім-шарттарының құны 866 млн.теңгені құрайды.

Астана қаласының кәсіпкерлері жобалары бойынша ағымдығы жылы 2 640 млн теңге субсидия төленді. «Даму» Қорымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен құралдары туралы толық ақпаратты «Даму» Қорының Астана қаласы бойынша КҚО –нан алуға болады. Орталықтың мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан көш. 8А, 1 қабат.