4 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылордаға келіп жетті. Облыс орталығының темір жол вокзалында пойыз делегациясын салтанатты жағдайда облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев және қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев бастаған аймақ тұрғындары қарсы алды.
Қонақтар жиналған топқа делегация мүшелері тарапынан атқарылып жатқан Мемлекет басшысының тапсырмалары мен өткізілген іс-шаралардың маңыздылығы туралы баяндап өтті.
Делегация мүшелері тоқтаған келесі нысан А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет Үйінде жиналыс ұйымдастырылды және оған мемлекеттік қызметкерлер, қала тұрғындары, мекемелер мен ұйым басшылары қатысып, онда Л.Гумилев атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің проректоры Әміржан Әлпейісов, Астана қаласының «Қоғамдық келісім Орталығы» директоры Талғат Жақиянов және басқа да делегация басшысы мен мүшелері Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қағидасы мен бес институционалды реформаның жүзеге асуы барысымен таныстырды. Мұнан кейін қонақтар белгіленген жоспар бойынша жұмыстарын жалғастырды.
Бизнес және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың сұрақтары бойынша «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы өкілдері, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы және аймақтық Кәсіпкерлер палатасы кеңес берді.