«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Жамбыл облысына келіп тоқтады. Жолаушылар ішінде мәдениет және өнер қайраткерлері, қаржы институтарының, министрліктердің, медициналық мекемелердің өкілдері болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде өтіп жатқан осы шара негізінде, Жамбыл облысы бойынша Кәсіпкерлік палатасының ғимаратында облыс кәсіпкерлері, қаржы институттары және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» аймақтық филиалы өкілдерінің қатысуымен үлкен жиын өтті.
Жиналған кәсіпкерлер алдында Жамбыл облысының Кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Аспандияр Сейсебаев, индустриалды-инновациялық және кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы Дархан Назарбеков сөз сөйледі. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасының» тетіктері жайында «Даму» қорының бас менеджері Жасұлан Есжанов баяндама жасады.
– Жамбыл облысында жыл сайын шағын-орта бизнес субъектілерінің саны, олардың өндіретін өнім көлемі және жаңа жұмыс орындары өсіп келеді. Бүгінгі күні облыста 59 мыңнан астам шағын-орта бизнес мекемелері тіркелген. Онда 127 мың адам жұмыс істеуде, яғни облыстағы еңбекке жарамды тұрғындарының 23,5 пайызы. Жалпы «Даму» қоры 2016 жылдың тоғыз айында «Кәсіпкерлер несиесінің пайыздық үстемесін ішінара субсидиялау» тетігі бойынша, құны 18 млрд теңге құрайтын 134 жоба мақұлдады. Ал «Кепілдендіру» тетігі бойынша, жалпы құны 984 млн. теңге құрайытын 49 жоба мақұлдаған, ондағы нақты кепілдік соммасы 409 млн теңге,-деді Жасұлан Есжанов.
Сонымен қатар, «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жаңа тетіктері және құралдары жайында ақпарат берілді. Олар: «Даму-Оптима», «Даму-Блиц», микро және шағын бизнесті микроқаржыландыру ұйымдары арқылы несиелеу, франчайзингтік жобаларды қаржыландыру бағдарламасы, кепілдендіру тетігіне өтінім беруді мемлекеттік EGOV.KZ порталын пайдалану арқылы автоматтандыру жолдары және тағыда басқа.
Сөз соңында баяндаушы, «Даму» қоры бизнесті кешенді қолдау мақсатында қаржылық тетіктерден бөлек, белсенді түрде қаржылай емес құралдарды жүзеге асырып келе жатқанын атап кетті. Айталық, Кәсіпкерлік Палатамен бірлесе кәсіпкерлерге тегін сервистік қолдау көрсету, «Назарбаев Университетінде» мекеме басшыларын оқыту, АҚШ және Германияға тәжрибе алмасуға жіберу және шет елдік тәжрибелі маманды шақырту.
Жалпы аитқанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Қазақстандағы бизнестің үдемелі дамуына барынша мүмкіндіктер жасауда.