11 тамыз күні Астанада «Даму» Қоры Астана қалалық филиалының директоры Исламбек Қайырбековтың шағын және орта кәсіпкерлік мәселелереніне арналған онлайн-бейнеоконференциясы өтті.
Бейнеконференцияда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстары мен елордалық ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлер қатысты.
Шара аясында бейнеконференцияға қатысушылар «Бизнестің жол картасы» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының негізгі қаржылық қолдау түрлері жайлы барлық сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан ұсынылатын субсидия, кепілдеме және қаржылай емес қолдау түрлері жайлы да ақпарат берілді.
«Онлайн режиміндегі кездесуге елдің барлық өңірлерінен, кәрі демей, жас демей, бизнесі бар кәсіпкерлер мен іс бастауды ойлаған барлық талапкерлер қатыса алды. Бұл бізді бір жағынан қуантты, екінші жағынан шағын және орта кәсіпкерлік тақырыбы қазақстандықтар үшін өзекті әрі қызығушылық оятатын сала екенін байқадық. Мұндай кездесулер жиі болып тұрғанын қалаймыз,- деді Исламбек Қайырбеков.
Шара G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңындағы тамыз-қыркүйек айлары арасында жоспарланған «Тұлға» жобасы аясында өтті. «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мен Қордың департамент және филиал басшылары секілді спикерлер қазақстандағы ШОБ мәселелеріне қатысты барлық сауалдарға жауап береді.
Сұрақ қоям деушілер G-Global ақпараттық-коммуникативтік сайында (http://goo.gl/zKeXi8) сілтемесі бойынша өтіп, байланысқа шыға алады. Тіркеу қажет емес.