menu
Жабу

Атырау облысы Мақат ауданында «Кәсіпкерлікті қолдау» конференциясы өтті

Жаңалықтар
26.04.2016

2016 жылдың сәуір айында Мақат ауданының әкімі Сәрсенғалиев Берикали Жоланұлының қатысуымен Мақат аудандық әкімшілік ғимаратында «Кәсіпкерлікті қолдау» тақырыбында конференция өтті. Кездесу барсында аудан әкімі Сәрсенғалиев Берикали Жоланұлы шағын және орта бизнесті дамыту экономиканың басым бағыттарының бірі екенін тілге тиек етіп, бұл жұмысты жалғастыру қажеттілігі жөнінде кәсіпкерлерге кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Жиында Мақат ауданының шағын және орта бизнес, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де айтылды. Шара барысында Атырау облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының мемлекеттік бағдарламалар кеңесшісі Жаңылсын Сисенова «БЖК-2020» Бірыңғай бағдарламасының екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, қаржы институттарының өкілдері және екінші деңгейдегі банктер қатысты.

Жиын барысында қызықты пікірталас болып, кәсіпкерлер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.