menu
Жабу

Жастарға шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттің қолдауы тақырыбында семинар өтті

Жаңалықтар
09.03.2016

2 наурыз куні Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Сыдықов Олжас Тұрар Рыскұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің экономика кафедрасымен бірлесіп, жастарға шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттің қолдауы тақырыбында семинар өткізді.

Олжас «Даму-микро» бағдарламасы арқылы 3-7 күннің ішінде 14%-бен 30 млн теңгеге дейін несие алуға болатынын айттты. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 7% немесе 10%-ға субсидиялау арқылы ол қарызды арзандатуға болатынын да түсіндірді. Студенттер осы семинар барысында «Даму» қорының 20 млн теңгеге дейінгі несиелерге 85%-ға дейін кепілдендіру беретінін білді.

Әсіресе Алматы қаласы индустриалды-инновациялық даму басқармасының экономиканың басымдық берілген бағыттарындағы жобаларға беретін 3 млн. теңге қайтарымсыз грантық қаржыландыру байқауына ерекше көңіл бөлінді. Кәсіпкерлікті қаржылық қолдаумен қатар, болашақ экономистер осы саладағы мамандар жетіспеушілігі туралы да талқылады. Тренер экономиканың басымдық берілген салаларындағы кәсіпкерлердің біліктілігін көтеруге арналған мүмкіндіктер туралы да айтып өтті. Ол бойынша кәсіпкерлер мен компаниялардың топ-менеджерлері «Назарбаев университетінде» тегін оқудан өте алатынын да ескертті. Ол жаққа Англиядағы халықаралық «Дюк» университетінің бизнес-тренерлері арнайы шақыртылады. Сонымен қатар Германияда тегін халықаралық тәжірибеден өте алатын мүмкіндік бар екендігі, сөйтіп Алмандық кәсіпкерлер қолданылатын технологияларды үйреніп, еліміздегі кәсіпорындарға еңгізуге болатынын да айтып өтті. Пікірталас барысында студенттер «Даму» қорына ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге жасап отырған қолдаулары үшін үлкен алғысын айтып, қиын да қызықты жұмыстарына жетістіктер тіледі. Семинар соңында бірнеше студент гранттық байқауға қатысуға ниет білдірді.