Алматы облысындағы «Үштөбе Айдын» ЖШС сүт өнімдері өндірісін кеңейтті

Жаңалықтар
18.03.2016

«Үштөбе–Айдын» ЖШС өңдеу өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге жататын қызмет саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша сүт өнімдеріне қажетті жабдықтар алды.

Сүт және сүт өнімдері өндірісімен айналысатын компания Алматы облысының Қаратал ауданында орналасқан. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 15 мың тонна дайын сүт өнімдерін шығаруға жетеді.

«Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 6 пайыздық несие алған сон, біз сүт өнімдерін өндіруге қажетті жаңа жабдықтар сатып алдық. Бұл «Даму» қоры мен мемлекеттік қолдаудың көмегі»,- дейді компания басшысы Сейілхан Базарханов.

Бүгінгі күні айран, май, қатық, сүзбе және де басқалай 12 түрлі сүт өнімдері шығарылады. Сондай-ақ ерітілген ірімшік пен тәтті айран шығару да жоспарланған. Кәсіпорын үшін сүт Қаратал, Ақсу және Көксу аудандарынан сатып алынады. Компания Ақсу ауданының Қапал ауылында кіші сүт зауытын салуды жоспарлап отыр.