Астана қаласында мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы арқасында мемлекеттік елтаңба шығаратын цех жемісті жұмыс істеп келеді.
«Industrial Company «Zoom» ЖШС - елімізде елтаңба шығаратын жалғыз компания.
Мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алғаннан кейін «Даму» Қорына келіп, «ForteBank» АҚ алдында мүліктің жеткіліксіз болу салдарынан, кепілдік беруге өтініш білдірді.
Компания шағын және орта бизнесті несиелендіру мемлекеттік бағдарламасы арқылы, төменгі пайыздық несиеге құрал-жабдық сатып алып, Астана қаласында елтаңба шығару өндірісін жүргізіп отыр.
«Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге мемлекеттік бағдарлама қол жетімді. Бар болғаны жобаңызды нақтылап, оны қалай жүзеге асырылу керек екенін білу қажет»,-дейді мекеме басшысы Михаил Скачков.
Өндіріс орны «Астана-Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Сатып алынған өндіріс жүйесінің арқасында кәсіпорын стандартқа сай, жоғары дәлдікпен елтаңбаның бөлшектерін шығаруға қол жеткізді.
Кәсіпорынның жоспарында құрлыс дүкендеріне, өндіруші кәсіпорындарға және қоғамдық тамақтануға арналған пластмассадан жасалған өнімдерді шығару болып отыр.