menu
Жабу

Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіпкер қонақ үй кешенін ашты.

Жаңалықтар
25.03.2016

«Наурыз» мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласында «OZZ» атты жаңа қонақ үй кешені ашылды.

Қонақ үйдің ашылуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар Хасенова, «Банк Kassa Nova» АҚ Қарағанды қаласы бойынша филиал директоры Мұрат Баймұқанов және тағы да басқа қала тұрғындары мен қонақтары келді. Азамат Сатыбалдин бұл кешенді ашу үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы «Даму» Қорының кепілдемесімен банктен несие алды. Соның нәтижесінде қонақ үй кешенін іске қосты.

Қонақ үй кешені қаланың іскерлік орталығында орналасқан. «Бұл кешенде қала тұрғындары мен қонақтар үшін қонақ үй бөлмелерімен қатар SPA орталығы және ресторан жұмыс істейді. Ал кадрлық мәселелерді біз «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы шештік»,- дейді кәсіпкер Азамат Социалұлы.

Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына сұраныстары артып келеді. Тек былтырғы жыл бойынша бағдарлама аясында 60 шақты кәсіпкер кепілдемені пайдалана отырып, өз жобаларын іске асырды.