Щучинск қаласында техникалық байқау орталығының құрылуына отбасылық бизнес түркі болды. Виктор Беленец әкесіне бизнес жүргізуге көптен бері қолғабыс етіп келген болатын. 2015 жылы «Беленец +» ЖК ретінде тіркеліп, өз кәсібін ашуға бел буды. Тек жеңіл көліктерді ғана емес, ірі жүк көліктерін де техникалық байқаудан өткізу бойынша қызмет түрін ұсынуды жоспарлады.
Алғашқы капиталын банктен алуды ұйғарған Виктор әкесі сияқты «Даму» Қорына жүгінген болатын. Онда бағдарламалар мен бизнес жоспарды жасаудан бастап жобаны банктерге өткізуге дейінгі толық қызмет түрлеріне қол жеткізді. Виктор Беленец «Даму» Қорының арқасында жеңіл және жүк көліктерінің техникалық байқауы станциясына арналған ленталық фундаментке, оралмалы қақпақты ангар құрылысына және қажетті жабдықтарды алуға 15 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.
«БЖК 2020» бағдарламасының аясында кәсіпкерге несиені өтеу бойынша борыш жүктемесін 4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берілді. Сол себептен кәсіпкер қалған қаражатты бизнесті дамытуға және жақын арада көршілес аймақта осындай тағы бір орталық ашуға жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Беленец+» ЖК «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды.
Виктордың ойынша жұмысының негізгі қағидасы клиенттің ыңғайына жығылу, клиент ұзақ уақыт бойы қызметті пайдалану үшін онымен жақсы қарым-қатынас құру болып саналады. Күн сайын мұнда 5-тен 10-ға дейін көлік тексеріледі. Бүгінгі күні станцияда 5 жұмысшы еңбек етеді.