«Бірінші байлық – денсаулық»

Жаңалықтар
31.03.2016

Маңғыстау облысы бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының ашылуына байланысты осындағы Маңғыстау, Дәулет, Батыр ауылдарына көшіп келушілер қатары көбейе бастаған. Тұрғындар қарасы көбейген сайын халыққа медициналық көмек көрсетуге деген сұраныс та арта түсетіні айқын. Бұған дейін шағын ауыл тұрғындары кішігірім кеңес алу үшін қалаға қатынауға мәжбүр болып келген.


Жиырма бес жыл акушер-гинеколог болып қызмет еткен Басшиева Жайнагүл ультрадыбыстық зерттеу мен гинекологиялық кабинеттердің жетіспеушілігі жағынан хабары мол. Осы себеппен, әрі өз тәжірибесіне сүйене отырып, Жайнагүл банкке барып, жеке гинекологиялық кабинет ашуға қаржы сұрамақ болды. Осылайша ол «Банк ЦентрКредит» АҚ хабарласты. Осы жобасы бойынша ол «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы аясында қолдау алды. Атап айтқанда несиенің 14% мөлшерлемесінің 10% мемлекет төлеп, Жайнагүлге қалған 4% ғана төлеу қалды. Жетпеген кепілдігіне «Даму» қоры өз кепілдемесін ұсынған.



«Даму» қорының көмегімен Жайнагүл ханым өз арманына қол жеткізді. Шипа сұрап келген жандарға көмек ете алатынын айтып, соның ішінде әйел қауымының денсаулығына назар аудару - ерекше міндет дейді. Дені сау ұрпақ – ел болашағы.