menu
Жабу

Өмір «Дамумен» тәтті

Жаңалықтар
20.03.2019

Қостанайлық кәсіпкер Елена Мамедова тоғыз жыл бұрын өзінің кондитерлік цехын ашқан. Қазір ол басқаратын кәсіпорынды еңсе тіктеген компаня деп айта аламыз. Кәсіпорын таураларын сататын «Азия» сауда үйі де тұтынушыларға танымал. Әр түрлі тағамдарға толып тұратын дүкен ешқашан бос болмайды. Таңертеңгі тоғызда ашылғаннан бастап жабылғанға дейін сатып алушылар қарасы үзілмейді. Компания тек тауар санына ғана емес өнімнің сапасына да баса назар аударады. Бұдан басқа, мұндағы кішігірім асханада жаңа піскен тәттілермен тамақтанып алуға да болды. Жаңа піскен тағамды үйге алып кетуге де ыңғайлы. Компанияның дистрибьюторлары көп, тұрақты клиенттері де бар.

IMG_20190319_123934.jpg

Бірақ кәсіпкер биыл бір қиындыққа тап болды. Өнімнің өзіңдік құны жоғары. Электр энергиясын пайдалану қымбат, нысанға газ тартылмаған. Ай сайынғы шығын шамамен 3 млн теңге.

IMG_20190319_124003.jpg

Сондықтан Елена өндірісті кеңейтіп, қаланың сауда ауданында қосымша нысан ашуға шешім қабылдады. Біріншіден, ол жердегі газ арзанырақ. Сонымен қатар, «көтерме» базар болғандықтан тұтынушы да көп.
Идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Даму» қорының Қостанай филиалына келді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында кепілдік алған ол «Сбербанктен» 200 млн теңге несие алды. - «Даму» қоры несиенің 7%-ын субсидиялайды.

- «Мен несиені жылына 14%-бен емес, тең жарты пайызымен төлеймін. Бұл өте үлкен көмек, - дейді Елена Мамедова.

Қаражат ғимараттың құрылысына және қажетті технологиялық жабдық алуға жұмсалды. Мұнда кондитер дүкенінен басқа, ірімшік қайнату орны, кофе-бар және бөлшек сауда орындары болады. Егер бұрынғы өндірісте 80-ге жуық адам болса, қазір олардың саны кем дегенде 50-ге артады.

 - «ДКБ -2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында мен өзіме ұнайтын бизнеспен айналыса аламын. Менімен бірге өзіме ұнайтын адамдар жұмыс істейді, - дейді Елена Мамедова.