menu
Жабу

Ақмола облысының кәсіпкері «Даму-Көмек» бағдарламасының аясында демеушілік көрсетті

Жаңалықтар
05.04.2016

Ольга Герасимова бала кезден III топ мүгедегі. Ол 8 жылдан бері киім тігіп, жөндеумен айналысады. Осы мақсатта сауда үйінің ішінен шағын орынды жалдап отыр. Тігін машинасы үнемі сынып қала бергендіктен, қажетті жабдықтарды тапсырыспен алдыруға мәжбүр. Әрі жөндеу жұмыстары біраз уақытты алады. Яғни, сол аралықта жұмыс тоқтап қалады. Ал жақсы құрал алуға қол қысқа. Мүгедек кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Даму-Көмек» бағдарламасы бар екенін естіген Ольга Көкшетау қаласының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына өтініш беріп, жаңа тігін машинасын алуға көмек сұрады.


Бір айдан соң «Даму» Қорының араласуымен «Астраханская птица» ЖШС директоры Иван Анцифиров тігін машинасын алып берді.

Мен «Даму» Қорына осындай бағдарламаны жүзеге асырып отырғандары және демеуші тауып бергендері үшін алғысымды айтамын. Енді тапсырыстарды үйге алуға мүмкіндігім бар»,- дейді Ольга.

«Даму» Қоры Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы ісін жаңа бастап жатқан және бизнесі бар мүгедек кәсіпкерлер еңбегіне немқұрайлы қарамай, қолдау беріп отыруға барлық ауқатты азаматтарды шақырады. Егер Сіз мүгедек кәсіпкерге көмек беруді ұйғарсаңыз, онда біз сізді Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46а/1 үй мекен-жайында күтеміз. Байланыс телефондары: 8(7162) 551119, 551118, 551114.