menu
Жабу

Ерейментауда химиясыз құлпынай өсіріледі

Жаңалықтар
28.06.2017

«Фрутика» ЖК басшысы Светлана Мирошниченко ес білгелі құлпына өсіріп келеді. Өзінің 0,7 шаршы метрді құрайтын жерінде Светлана Викторовна жанұясымен бірге дәмді жидек түрін кәрі атасының әдісімен өсіреді.


2013 жылы «Фрутика» 3 млн теңге қайтарымсыз грант алды. Бұл қаражатқа тамшылатып суару құрылғысын сатып алды.


Бұл құлпынай сұрпы ремонтадная немесе күндізгі жарыққа бейтарап деп аталады. Бір маусымда бірнеше рет гүлдеп, жеміс береді.


«Фрутика» өсірген құлпынай дәмді, тәтті, витаминге бай. Себебі пестицидсіз өсіріледі. Мысалы жидек бойындағы рұқсат етілген нейтраттар деңгейі - 60 мг / кг болса, біздің құлпынайда ол мөлшер 0,2 мг/кг ғана құрайды,-деді Светлана Мирошниченко. Бұндай құлпынайды Астана тұрғындары қуана-қуана сатып алады.

Бүгін құлпынай алаңында отбасы мүшелерінен басқа қосымша екі адам жұмыс істейді. Енді Светлана Викторовна құлпынай өндіру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.