Мемлекеттік бағдарлама бойынша «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
10.09.2024

«ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС 2004 жылдан бері құрылыста қызмет көрсетіп келеді.

2023 жылдың соңында компанияарнайы 8 техника сатып алуды жоспарлады. Құрылыс материалдарын объектіге жеткізіп, жүк тасымалдау қажет болғандықтан арнайы техника сатып алу қажет болды.

Сол себепті компания жеңілдікпен несие алуға қажетті ақпарат іздеп «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына жүгінді. Кейін компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қорынан субсидия түрінде қолдау алды.

Қазір «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС табысты жұмыс істеп жатыр және алдағы уақытта қосымша бірнеше арнайы техника сатып ала отырып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Маханбет батыр көшесі, 8а

Тел. +7747-661-45-83