Жұмалиева Әсел Халбекқызы 2 жоғары білім алғанмен, мамандығы бойынша тек банкте ғана жұмыс істеді. Бастапқыда хатшы болып жұмысқа кірді, кейін заңды тұлғаларға несие беру департаментінде бас несие маманы қызметіне дейін жетіп, 5 жыл еңбек етті. «Заңды тұлғаларға несие беру департаментінің үздік несие менеджері» сыйлығын иеленді, сонымен қатар сол номинацияны жеңіп алғаны үшін Басқарма төрағасының орынбасарынан жеке сыйлық – ноутбук алғаны да бар.
2015 жылы бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, 2018 жылы демалыс уақыты біткен кезде Әсел балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін жеке кәсіп ашуды ұйғарды. Жинаған қаражатына Ресейдің логопед, психологтары бірлесіп әзірлеген ағылшын тілін оқыту бағдарламасын сатып алды. Ол бағдарлама 1 жастан жоғары балаларға шет тілін аудармасыз үйрету әдісі болатын. Әр сабақта әртүрлі әрекеттер бар және моншақ әдісіне негізделген. Балаға бірінші сөзді көрсетіп, таныстырғанда, содан кейін қалған сабақтар осы сөзге қатысты сипаттау, әрекет, эмоциялар және т.б материалды қамтиды. Содан кейін баланың миы шетел сөздерін қабылдап, аудармасыз сөйлеп, аудара бастайды. Мұнда бейтаныс сөздерді қабылдау арналары – көру, дыбыстық, тактильді, дәм сезу, иіс сезу секілді 5 сезім мүшесі. Ал оқыту әдістемесі бейтаныс ақпаратты қабылдаудың барлық әдістерін қолдана отырып дәл құрастырылған.
Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті, алғашқы нәтиже байқала бастады. Содан кейін ол бөлме жалдап, басқа балаларды да оқытуға шешім қабылдады. «Amada kids» ағылшын тілін үйрету клубы осылай ашылды.
2018 жылдан бері клубта 200-ден астам бала оқыды, олардың кейбірі әлі де оқып жатыр. Бірақ ғимаратқа бұдан көп бала сыймайтын болды. Әсел Жұмалиева ауданы 140 шаршы метр коммерциялық ғимарат сатып алуға бел буды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қорының кепілдігі мен субсидиясын пайдаланып алған несие қаражатын кәсіпкер жөндеу жұмыстарын жасап, 2024 жылдың тамыз айының басында жаңа орталық ашылды.
«Біздің оқу орталығымыздың миссиясы – жай ғана оқыту емес, балаларға ағылшын тілі әлеміне қуана енетін атмосфера қалыптастыру. Әр оқушымыздың нақты нәтижелерге жетуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Біздің сабақтар – оқуды тиімді ғана емес, сонымен бірге шынымен қызықты ететін ең қызықты және заманауи әдістерге толы қызықты саяхат. Біздің сабақтар қаладағы ең қызықты сабақтардың бірі екенін мақтан тұтамыз. Ал енді бұдан да көп шәкірт дайындауды жоспарлап отырмыз. Орталықтағы барлық ұстаздар жоғары білімді және үнемі біліктілік арттырып отырады. Біздің оқу кеңістігіміз – жарық, кең және заманауи оқу бөлмелері, ыңғайлы және нәтижелі оқуға қажеттінің бәрімен жабдықталған. Оқушыларымыздың өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асырып, ағылшын тілін оңай меңгеруі үшін барлық жағдайды жасаймыз» дейді Жұмалиева Әсел.
«Amada kids» ағылшын клубы республикалық және халықаралық олимпиадаларда тиімді әдістемесін дәлелдеді. «Amada kids» оқушылары 2023 жылы Астанада өткен республикалық ағылшын тілі олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. 2024 жылы наурыз айында Дохада (Катар) өткен халықаралық олимпиадаға 7 оқушы қатысты, онда барлық оқушылар 1, 2 және 3 орын алып келді.
БҚО, Орал қаласы, Хусаинова көшесі, 54
Телефон: +7 777 184 00 11
Instagram: @amadakids