«Aiman-Sholpan» студиясы балалардың талантын ұштайды

Жаңалықтар
10.10.2024

Қазір білім беру орталықтарына баратын өскелең ұрпақ терең білім алып, нығайтып, ойлау жүйесін дамытып, көзқарасы мен көңіл көкжиегін кеңейтуге, спортта жеңістерге қол жеткізуге мүмкіндік алады.

2021 жылы Әйгерім Маңғыстауова жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, оқу орталығын ашуға шешім қабылдады.

Қазір Атырау қаласында «Aiman-Sholpan» атты екі оқу орталығы жұмыс істеп тұр. Онда 400-ден астам бала вокал, домбыра, гитара, қобыз үйірмесіне қатысып, шахмат, ағылшын тілі, робототехника тілін үйренеді.

Үйірмелерден басқа, бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары қарастырылған, онда балалар мұғалімдермен бірге үй тапсырмасын орындайды.

Осымен тоқтап қалмай, «Aiman-Sholpan» ЖК к ауданы 1000 шаршы метр болатын үшінші оқу орталығын салуға шешім қабылдады және «Банк Центр Кредиттен» жылына 19,75%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында субсидия мақұлданып, мемлекет 10,75%-ын өтеп береді, айырмасы 9%-ды кәсіпкер төлейді. «Даму» Қоры 43,1 млн теңгеге кепілдік берді.

Атырау қаласы, Нұрғалиев көшесі, 17

телефон: +7 778 000 30 15

Instagram: @aiman_sholpan_studio