Қарттарға қамқорлық жасау – қайырлы іс

Жаңалықтар
15.10.2024

Ғалия Мөйкеқызы 2000 жылы кәсіпкерлікпен айналыспақ болып, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінен Серікбаев көшесі 39 және Серікбаев көшесі 43 мекенжайындағы 2 жатақхана ғимаратын аукцион арқылы сатып алды.

2020 жылы кәсіпкер «Даму» қорының қолдауының арқасында жеке әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу үшін үй-жайды ыңғайлырақ бөлмелерге айналдыру мақсатында жатақханалардың бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қазір «Қамқор» жеке әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қарт адамдарға қажетті барлық қолайлы жағдайлармен толық жабдықталған, атап айтқанда, ғимаратта кітапхана, жаяу жаттықтыру құралдары бар бөлме, қолөнер бөлмесі, демалыс бөлмесі, және асхана орналасқан.

Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қарттар үйін құру үшін жатақхананы жөндеу жұмыстарына несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлеме 10%-ға дейін төмендетілді.

+7 777 414 90 88

ШҚО, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 43