Кеңес ал!
Түркістандық Ибрагимова Мухаббат Сайдахметқызы 17 жылдан астам уақыт бұрын кәсіпкерлік деген қызығы мен қиындығы мол жолға аяқ басқан. 1999 жылы оның жұбайы өз бизнесінен түскен қаражатқа Түркістан қаласынан тұрғын үй мен жер телімін сатып алды. Кейіннен осы жерде «Эдем» мейрамханасы мен сұлулық салоны салынды. 2002 жылы мейрамхана Түркістан қаласының қақ орталығындағы, Яссауи мавзолейінен бар болғаны 500 метр жерде орналасқан қонақ үйге айналды.
Бүгінде «Эдем» қонақүйінде 16 жайлы номер (люкс және полулюкс) бар, бағасы 8 000-14 500 теңге аралығында. Сондай-ақ, мұнда мейрамхана, тренажер залы және сұлулық салоны орналасқан. Барлық нөмірлер кондиционер, тегін Wi-Fi және теледидармен жабдықталған.
2005 жылы «Эдем» қонақүйі Қазақстанның Қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (КАГиР) мүшесі болып, үш жұлдызды қонақүй мәртебесін алды. Бұл – қонақ үйге халықаралық туристік нарыққа шығу мүмкіндігін берді.
2023 жылы кәсіпкер қонақүйдің қызмет көрсету сапасын арттыру, нөмірлерді жаңарту және инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында кең көлемде қайта құру жұмыстарын бастады. Жобасын жүзеге асыру үшін «ForteBank»-тен несие алынды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 21,75%-дық несиенің 8%-ын ғана кәсіпкер өзі төлейді, ал қалған бөлігін «Даму» қоры субсидиялайды. Бұл қонақүйді қайта жаңарту процесін жылдамдатып, қаржылай жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
«Біз қонақтарымызға максимал жайлылық пен ыңғайлылықты ұсынуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан олардың Түркістанға сапары тек жағымды ғана емес, ұмытылмастай болуын қалаймыз», - дейді «Эдем» қонақүйі мен мейрамхана кешенінің жетекшісі Мухаббат Сайдахметовна.
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, 6 үй.
Телефон: +7 701 455 88 22
Instagram: @edem_turkistan