«Navruz Plastik – ShR» маркалы Шымкент ойыншық зауытының өнімдері нарықты жаулағалы 5 жылдан асты.
1995 Рабиға Байтемірова жұбайымен бірге халық тұтынатын тауарлар сатуды бастаған болатын. Ыдыс-аяқ, парфюмерия, ойыншықтарды Қытай, Иран, Ресей, Өзбекстан елдерінен әкеп, сататын. Рабиға тауарларының ішінде ойыншық жақсы өтетінін байқайтын.
– «Біз саудамен ұзақ айналыстық. Нарықты зерттей келе осы ойыншықтарды неге өзіміз шығармасқа деген ой келді. Ол кезде менің ұлым Қытайда оқитын. Құрал-жабдықтар, өндірістік және технологиялық процестермен бізді ұлымыз таныстырды. Нәтижесінде біз қажетті жабдықтар алып «Маг» машина-ойыншық шығаратын желіні жинадық. Сапалы полипропилен мен полиэтилен шикізатын Ресейдан сатып аламыз. Қазір бір ай ішінде 4000-6000 ойыншық шығаратын мүмкіндігіміз бар.
Кәсіпкер 2015 жылы ойыншықтардың түрін көбейту үшін Қытайдан 95 000 АҚШ доллары тұратын пресс-қалыптар, машина, квадроциклдар шығаратын қосымша құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлайды.
Кәсіпкер қаржы алу үшін «Даму» Қорына келіп, Қордың 50 пайыз кепілдігі арқасында кәсіпкер Kassa Nova Банкінен 14%-бен несиеге қол жеткізеді. Сатып алған жаңа технологиялық құрал-жабдықтар өндірістің қуатын 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.Рабиға өз бизнесін ашып, дамыту барысында көмектескен 4 құпиясымен бөліседі:
Ұдайы алдыңызға мақсат қойыңыз. Егер сіз табысқа жеткіңіз келсе, алдын-ала болжауды үйреніңіз. Мақсат күн, апта, ай және жылдарға қойылуы тиіс.
Барлық істі соңына дейін жеткізіңіз. Бүгін орындауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз.
Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз. «Құдай адамға екі құлақ пен бір ауыз берген» деген халық даналығын есіңізден шығармаңыз.
Біліктілікті үнемі арттырып отырыңыз. Біліміңізбен кәсіби дағдыларыңызды күнделікті жетілдіруді қолға алыңыз.
«Navruz Plastik – ShR» ойыншықтары, кәсіпорын туралы толығырақ білгісі келетіндер үшін байланыс тел: 8-775-733-19-68 Рабиға