menu
Жабу

Кеңес ал!

MATTEX – жайлы ұйқы сыйлайды

Жаңалықтар
29.01.2025

Адам өмірінде ұйқы – ағзаның демалуы мен қалпына келуінің негізгі кезеңі. Дұрыс ұйқы – салауатты өмір. Ал дұрыс ұйықтау үшін адамға ыңғайлы матрас қажет.

Матрас шығаратын отандық өндірушілдің бірі – Хаан-Койл ЖК. Бұл отбасылық кәсіпорын 2007 жылдан бастап «Mattex» брендімен ортопедиялық матрастар шығарады. «Mattex» – стандарт өлшемдегі және тапсырыс бойынша матрас шығарушы. Компания әр клиентке жеке көңіл бөледі. Өнімдер халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи жабдықта шығарылады. Жұмыста жоғары сапалы және берік материалдар қолданылады. Кәсіпорын табиғи және гипоаллергенді: кокос жаңғағы, латекс, холкон, арнайы көбік сияқты материалдарды қолдана отырып матрас шығарады. Кепілдік мерзімі – 3 жыл.

Компанияның шағын цехы Қосшы қаласында орналасқан. Қажетті құрал-жабдықтар мен құралдар, дайын өнім қоймасы бар. Цехта 5 адам жұмыс істейді.

2023 жылы Хаан-Койл ЖК «Еуразиялық банк» АҚ-да 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялай отырып, қаржыландыруды алды.

Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, 14/5

Тел.+7 701 251 97 82, +7 (7172) 456585

Сайт www.mattex.kz