menu
Жабу

Кеңес ал!

Маленькая мечта — большое дело!

Жаңалықтар
29.01.2025

Батыс өңірінде дүниеге келген Асыл мен Айым Биназаровалардың басты мақсаты – ел экономика сына үлес қосып, болашақта үлкен қайырымдылық іс шараларын атқару. Балалар ойнап қана қоймай, сонымен бірге қуана жүріп білім алатын, дарынын ұштап, қабілетін дамытатын және мүмкіндігін жүзеге асыра алатын орталық құруды армандайды.

Егіздер 2011-2015 жылдары Батыс Қазқстан инновациялық-технологиялық университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген. Кейіннен осында магистратура тәмамдап, еңбек жолын екеуі де бөбекжайда тәрбиеші болып бастап, кейін екеуі де «Отбасылық наркологиялық диспансерге» психолог маман ретінде ауысады. 2017-2018 жылдары олар «Логос» психологиялық дамыту орталығында психолог, логопед-дефектолог болып жұмыс істеді. Ал 2018 жылы кеңсені жалға алып, «Балдырған психологиялық-логопедиялық дамыту» орталығын ашты. Мұндай орталыққа сұраныс жоғары болатын. Араға жыл салып 2019 жылдың желтоқсан айында жаңа ғимаратқа көшті. Бастапқы жылдары 3 топ болса, 2020 жылы 5 топқа жетті. Көп ұзамай жұмыстың нәтижесі көріне бастады. Тілі дұрыс шықпаған, сөйлей алмайтын балалар жақсы сөйлей бастайды. Орталықта жас ерекшелігіне сай сөйлей алмайтын, психикалық дамуы кешеуілдеген, аутизм диагнозы бар балаларды дамыту жұмыстары жүргізіледі. Топ саны көбейе бастаған соң жас мамандарды өздері оқытып, даярлайды. Қазір 100-ге жуық бала өз жас ерекшелігіне сай мектеп табалдырығын аттап, 200-ден аса бала білім алуды жалғастыруда. Отбасылық бизнестің өрісі одан әрі кеңіді. Жалпы алғанда, егіз қыздар іске кіріскелі бері 5000-нан астам балада оң өзгеріс байқалған. Түзету, дамыту орталығынан бөлек, егіздер 2021 жылы «Балдырған» бастауыш білім беру мектебін ашты. Даярлық тобынан бастап, төртінші сыныпқа дейінгі балалармен жұмыс жүреді. Елу адам жұмыспен қамтылған.

Жалға алып отырған ғимаратты 2023 жылы «Қазақстан Халық Банкінен» өз меншігіне сатып алды. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 21,5 пайызды құрады, оның 8 пайызын кәсіпкер төлесе, 13,5 пайызын «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы арқылы субсидиялайды.

Қазір осы дамуында кешеуілдеуі бар балаларға арнап ашқан арнайы бастауыш мектеп пен балабақша табысты жұмыс істеп тұр.

Мангистау облысы, Актау қаласы , 32Б шағын аудан, №15/1 аумақ.

Тел: +7 702 921 69 65

Instagram: baldirgan_aktau