menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараз қаласында «Grand way» жаңа қонақ үйі ашылды

Жаңалықтар
04.02.2025

Тараз қаласында «Grand way» жаңа қонақ үйі ашылды. Пак Оксана Владимировна 2018 жылы кәсіпкер ретінде тіркелген. Сауда және қоғамдық тамақтану саласында тәжірибесі бар оның өз қонақ үйін ашу жайлы арманы бұрыннан бар болатын. Әбден ойланып, бекінген соң кейін кәсіпкер өз арманын жүзеге асыруға бел буды. Өйткені Тараз қаласына туристер көп келетіндіктен, қысқа уақытқа тұрақтайтын орындарға әрдайым сұраныс бар.

Оксана жинаған қаражатына қала орталығындағы көше бойынан жер телімін сатып алды. Сөйтіп жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын, 26 люкс және жартылай люкс бөлмелерден тұратын қонақ үй кешенінің құрылысын бастады. Бірақ құрылысты аяқтауға және абаттандыруға несие қажет болды.

Кәсіпкер кеңес алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалына жүгінді. Қажетті ақпарат алған соң құжат жинап, «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Қор несиенің пайызын субсидиялап, кепілдік беріп қолдады.

Құрылыс процесі оңай болмады. Мердігер таңдаудан бастап барлық қажетті рұқсаттарды алуға дейін кедергілер көп болды. Дегенмен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауы мен кәсіпкердің табандылығы арқасында құрылыс аяқталып, Таразда заманауи жабдықтары мен интерьері бар, туристер мен жергілікті тұрғындарға жоғары деңгейде қызмет көрсететін жайлы қонақ үй ашылды. Жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, М.Жүнісалиев көшесі № 39

Тел. +7-707-240-39-39; +7-777- 944-61-11