menu
Жабу

Кеңес ал!

Таңдаулы жемістер мен көкөністер нарығын жаулап алған жас іскер әйел

Жаңалықтар
11.02.2025

Дана Атымтаева – «Fruit_mania» негізін қалаған кәсіпкер. Бизнесін бірнеше жыл бұрын университетте оқып жүрген кезінен бастаған. Супермаркеттерде шынымен піскендей дәмді көкөніс, жеміс табу қаншалықты қиын екенін байқағаны оның бизнесінің негізін қалады. «Мен адамдар тек өнімдерді ғана емес, табиғаттың нағыз дәмін, химиялық заттар мен қоспаларсыз ала алатындай етіп жасағым келеді деп шештім», — дейді Дана.

Алдымен ол ғимаратты жалға алып, әдемі сөрелерін орналастырды. Ол фермерлермен тікелей өнім сатып алып, ынтымақтық бастады. Бұл делдалсыз әрі арзан бағамен сатуға мүмкіндік берді.

Дана үшін бизнесінің маңызды бөлігі – клиенттермен арадағы сенім және жылы байланыс орнату. Ол тек азық-түлік сатумен ғана шектеліп қоймай, дұрыс тамақтану және дұрыс тағам таңдаудың маңызы жайлы білгенін жұртпен бөліседі. «Адамдар ағзаға пайдалы сапалы көкөністер мен жемістер жеудің қаншалықты маңызды екенін түсінгенін көргенде әрдайым қуанам», — дейді Дана.

Ол ұдайы рецепттер, көкөністердің пайдалы қасиеттерін сақтау тәсілдері жайлы видео түсіріп, ұсынып отырады.

«Бұл дүкенде тауарлардың алуын түрінен көз тұнады, сөрелер әсем безендіріледі және қызметкерлер мұқият қызмет көрсетеді. Дана өте қайсар әрі ақылды қыз», - дейді тұтынушылар.

Дана өз саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне қарамастан, мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ассортиментті кеңейту, жаңа сауда нүктелерін ашу және онлайн-сатылымды дамытуды да жоспарлап отыр. Ол тек табиғи және жаңа өнімдерді ұсынатын дүкендер желісін құруды, сондай-ақ өзінің органикалық желісін құруда белсенді жұмыс істеуді армандайды.

Жақында Дана өз бизнесін дамытуда маңызды қадам жасап, «Даму» Қорының қолдауымен павильон сатып алды, бұл жаңа сату нүктесін ашуға мүмкіндік берді. Енді қала тұрғындары Павлодар қаласының басқа ауданында да жаңа піскен көкөністер мен жемістерді ыңғайлы әрі жылдам сатып ала алады.

Бұл жобаны «Қазақстан Халық банкі» АҚ қолдап несие берді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасының «Шағын және шағын бизнесті қолдау» бағыты аясында «Даму» Қоры қарыз сомасының 85%-ына кепілдік берді. Бұл кәсіпкерге мүлдем кепілсіз несие алуға мүмкіндік берді.

Павлодар қаласы, Астана көшесі 16, Шокин көшесі, 100/1 Эко базар

Тел.: +7 705 222 2674, +7-777-167-70-71

Instagram:@ fruit_mania_pavlodar