Кеңес ал!
Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. Аурудың алдын алу, ауытқуды ерте анықтау, өмірді ұзарту және оның сапасын жақсарту үшін дұрыс тамақтану, дене қимылы және медициналық тексерулерді қамтитын алдын алу шараларының кешенін сақтау маңызды. Әдетте, мұндай тексерулер арнайы медициналық мекемелерде жүргізіледі. Солардың бірі – Қызылорда қаласындағы «Dives Group» диагностикалық орталығы.
«Dives Group» ЖШС – озық МРТ және КТ аппараттарымен жабдықталған медициналық-диагностикалық орталықтар желісі. Бұл орталықта тәжірибелі білікті кәсіби дәрігерлер медициналық қызметтердің көптеген түрін көрсетеді.
«Dives Group» ЖШС-нің бірінші орталығы 2020-2021 жылдары Covid-19 пандемиясы кезінде 24/7 жұмыс істеді. Орталық МРТ, КТ, УДЗ, рентген қызметтерінің барлық түрлерін ұсынады және құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылармен жұмыс істеуге лицензия алған.
Көрсетілетін қызметтер түрін арттыру үшін «Dives Group» ЖШС «Банк ЦентрКредиттен» несие алды және «Даму» Қорының субсидиясы есебінен сыйақы мөлшерлемесін жылына 8%-ға дейін төмендетті. Несие қаражаты есебінен компания жылдам зерттейтін жоғары сапалы және анық бейнелейтін 1,5 Tesla заманауи МРТ аппаратын сатып алды.
Бүгінгі таңда орталықта 20-ға жуық білікті маман жұмыс істейді.
Орталықтың басты артықшылықтарының бірі 24/7 үзіліссіз қызмет көрсету арқылы тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі. Компания бүкіл ел бойынша медициналық орталықтар желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Қызылорда қаласы, Есімхан көшесі, 21Е
Тел: +7 778 103 00 55
Инстаграм: @dives_group_qyzylorda