menu
Жабу

Кеңес ал!

Отбасылық стоматология – «EAST SMILE»

Жаңалықтар
25.02.2025

«EAST SMILE» ЖШС – тіс емдеп, жұлып, протездеумен айналысатын заманауи стоматология. Оның 2009 жылы Семей медициналық академиясын «дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша бітірген Арай Еркімбекова ашқан.

Клиника ашу идеясы оған 2021 жылы пайда болды. 12 жыл бойы дәрігер-стоматолог жұбайымен бірге жұмыс істеп, тәжірибе жинаған ол үй-жай мен жабдықтар сатып алып, өз клинкасын ашуға шешім қабылдады. Бірақ бұл арманын жүзеге асыру үшін қаражат жетпеді.

Осы оймен Арай «Қазақстан Халық Банкінен» 2022 жылдың мамыр айында коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 18%-бен несие алды. Оның 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, ал 12%-ын «Даму» қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша өтейді.

Қазір олардың стоматологиясы жай ғана бизнес емес, адамдар сапалы көмек алатынына сенімді орын. Олардың табыс тарихы бизнес ашуды армандайтын, бірақ алғашқы қадамын жасаудан қорқатын көптеген жандарды шабыттандырады. Қазір олар қаланың басқа аймағында екінші емханасын ашуды жоспарлап отыр және стоматология ішінде кәсіби маман ретінде өсу үшін оқуды жалғастыруда.

+7 777 735 66 99

ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 92-үй, 42.