menu
Жабу

Кеңес ал!

«Жаңа Технологиялар Тараз» ЖШС компьютерлер шығару жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
14.03.2025

«Новые Технологии Тараз» ЖШС 2013 жылы құрылған, компанияның негізгі бағыты бейнебақылау және бақылау жүйелерін іске асыру және монтаждау, сондай-ақ бизнес процестерді автоматтандыру (дүкендерді есепке алу жүйелері). 

Бизнесте тәжірибе жинақтап, IT-технологиялар саласындағы білімге ие болған компания басшылығы компьютерлерге арналған перифериялық құрылғыларды шығару бойынша жаңа бағытқа бет бұруға шешім қабылдады. Компьютер құрастыру және өндіру технологиялық саланың маңызды бөлігі және көптеген компаниялар үшін ол қаржы ресурстарын тарту қажеттілігімен байланысты. Мұндай бизнесті дамыту үшін қаражат алу тәсілдерінің бірі – дербес компьютер дайындау/құрастыру жөніндегі жабдықты сатып алу және жинақтаушы қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін несие болмақ. 

Өнім көлемін ұлғайту үшін компания басшылығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына хабарласып, компьютерлер шығаратын жабдықтар сатып алуға шешім қабылдады. Несие алу бойынша қажетті ақпаратты алған Компания құжаттарды «ForteBank» АҚ Жамбыл филиалына тапсырды. Банк өтінімді қарағаннан кейін несиені «Даму» қоры мақұлдап, жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдады. Несие алу кәсіпкерге өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді. 

Компьютерлік периферия нарығындағы жоғары бәсекелестік жағдайында жаппай өндірісті жолға қою ғана емес, сонымен қатар өнім сапасын ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету маңызды, бұл едәуір қаржы салымдарын талап етеді.

Instagram: @newtechkz

Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 61 А.

+7771-677-75-76