menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараз қаласында жаңа көркемсурет мектебі мен арт-студия ашылды

Жаңалықтар
19.05.2025

Кузьмина Виктория Георгиевна «Art VikaSo» ЖК 2018 жылы ресми тіркеген. Негізгі қызметі – көркемөнер саласында білім беру курстарын ұсыну.

2024 жылдың соңында Виктория Кузьмина балалар мен ересектердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін арт-студия ашу үшін үй-жай сатып алуды жоспарлады.

Арт-студия шығармашылық процестен ләззат алуға да мүмкіндік береді. Интернет пен әлеуметтiк желiлердің дамуы – өнермен айналысам деушілер үшін ыңғайлы. Адамдар өз шабытын шыңдайтын және оған көмектесетін орындарды өздері іздеп табады.

Осылайша, Виктория Кузьмина «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысындағы филиалына жүгінуге шешім қабылдады және несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алған соң кәсіпкер «Банк ЦентрКредитке» жүгінді. Жобаны «Даму» қоры «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қолдады. Нсиенің 10,25%-ын мемлекет өтейді, ал 9%-ын кәсіпкер әйел өзі төлейді.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алғаннан кейін Тараз қаласында жаңа мектеп – Арт-студия ашылды. Мекте 5-18 жастағы балаларды қабылдайды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл жоба өскелең ұрпақтың көркемдік дағдыларының, мәдениеті мен шығармашылығының сапасын арттыру мүмкіндігі және Тараз қаласындағы білім беру инфрақұрылымын жақсартудың бір бөлігіне айналды.

Жаңа Арт-студияның ашылуы балалардың одан әрі дамуы үшін мүмкіндіктерді жақсарта отырып, сапалы білім алуына мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 84, 75-кеңсе

Instagram: @artvikaso

Тел: +7 771 332 37 77