menu
Жабу

Кеңес ал!

«РИО Парк» – баалаларға бақыт сыйлайтын жер

Жаңалықтар
05.06.2025

Қазір бала үшін сапалы және қауіпсіз демалыс орнын табу өзекті мәселеге айналды. Балаларға қуаныш, ал ата-аналарға сенімділік пен жайлылық сыйлай алатын кеңістіктердің маңызы арта түсуде. Осындай әлеуметтік миссия мен кәсіпкерліктің үйлесімді үлгісіне айналған жобалардың бірі — Көкшетау қаласында жеке кәсіпкер С. А. Рамазанова ашқан «РИО Парк» отбасылық ойын-сауық орталығы.

Орталық 2016 жылы қаланың ең халық тығыз орналасқан ауданында — «РИО» сауда-ойын-сауық орталығының ішінде, орталық базар маңында ашылды. Жобаның басты идеясы — балалар мен олардың ата-аналарына арналған заманауи әрі қолжетімді демалыс кеңістігін құру болды.

Ашылған алғашқы күннен бастап-ақ «РИО Парк» қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды: балалардың шат күлкісі, жарқын аттракциондар, жылы атмосфера мен ілтипатты қызметкерлер орталықты қаланың қым-қуыт тіршілігінен «балалық шақ аралына» айналдырды.

2016 жылы кәсіпкер орталықта ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізді:
• Пайдаланылатын аумақ 600 м²-ден 1100 м²-ге дейін ұлғайтылды;
• Ойын жабдықтарының 80%-дан астамы жаңартылды;
• Батут аренасы, көп деңгейлі лабиринт, кафе және ойын автоматтары орнатылды;
• Ребрендинг жасалып, қауіпсіздік талаптары күшейтілді.

Жобаны кеңейту және қызмет сапасын жаңарту мақсатында ЖК Рамазанова С. А. «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында» «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекеттік қолдау алды. Субсидиялау бағдарламасына қатысу нәтижесінде: - несиенің номинал мөлшерлемесі-21,75%, субсидияланатын бөлігі-15,75%, кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме- 6%.Бұл қолайлы шарттар жабдық сатып алуға, персоналды оқытуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жаңа ойын-сауық түрлерін енгізуге мүмкіндік берді.

РИО Парк» табыс хикаясы — бұл идея, еңбек, кәсіпкерлік көзқарас және мемлекеттік қолдаудың үйлесімді нәтижесі. Отбасылық ойын-сауық орталығы «РИО Парк» — бұл бақытты балалық шақтың кеңістігі ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы табысты кәсіпкерліктің айқын үлгісі.

Инстаграмм: @riopark_kokshetau

Почта: saule-r@mail.ru

Телефон: +77029134005