menu
Жабу

Кеңес ал!

Дәнекерлеушіден – су өндіріне дейін

24.06.2025

Данияр Какимов еңбек жолын дәнекерлеуші болып бастаған. Ол еліміздегі стратегиялық маңызы бар нысан – Қарашығанақ кен орнында, КПО компаниясының құрылыс жобаларында еңбек етті. Еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында ол мол тәжірибе жинап, кейін өз кәсібін бастауға мүмкіндік берген бастапқы капиталын жинады.

2019 жылы Данияр Какимов жинаған қаражатына алғаш рет бөтелкедегі ауыз су өндірісіне арналған жабдық сатып алды. Кәсібін дамытып, тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз ету мақсатында ол «ForteBank»-тен айналым қаражатын толықтыру үшін несие алғанда «Даму» Қоры пайызын субсидиялады. Бұл оның жеке су брендіне негіз қалаған алғашқы қадам болды.

«Su+» сауда белгісімен шығарылатын өнім Тасқала жерасты су кен орнындағы бұлақ суларынан өндіріледі. Бұл су табиғи тазалығымен және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктері арқасында «Su+» суы табиғилықты, денсаулықты және сапаны бағалайтын тұтынушылардың сенімін тез арада жаулап алды.

Өнімге сұраныстың артуы Данияр Какимовты өндіріс аясын кеңейтуге итермеледі. 2024 жылы ол бизнесін ауқымды ету жөнінде шешім қабылдап, АО «ForteBank» арқылы инвестициялық несие рәсімдеді. Кәсіпкерлерді қолдаудың «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында, несиенің сыйақы мөлшерлемесі «Даму» Қорының субсидиялау құралы арқылы төмендетілді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Алынған қаражат қосымша қойма құрылысын жүргізуге және өндірістік алаңды кеңейтуге бағытталды.

Бүгінде «Su+» бренді табысты дамып, тек аймақта ғана емес, одан тыс жерлерге де жеткізіледі. Данияр Какимовтың табыс тарихы – еңбекқорлықты, стратегиялық ойлауды және мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалануды үйлестіре отырып, табысты әрі бәсекеге қабілетті бизнесті нөлден бастауға болатынының жарқын мысалы. 

Мекенжайы: БҚО, Тасқала ауданы, Бірлік ауылы
Тел.: +7 747 231 19 49
Instagram: suplus_water