Кеңес ал!
Қазақстанда балалар ойнайтын пластмасса ойыншықтар нарығы көп жылдар бойы импортқа тәуелді болды. Бірақ Рабиға Байтемирова мен оның отбасы осы жағдайды өзгертуге шешім қабылдады. Ойыншық сатып жүрген олар Қытайдан тауар әкелуді тоқтатып, Шымкентте ойыншық шығаратын зауыт ашты.
1990 жылдарда ол жұбайымен бірге балалардың ойыншықтарын сатумен айналысатын. Алғашында бәрі қарапайым саудадан басталғанымен, Рабига нарықтағы балалар ойыншықтарына деген тұрақты сұранысты байқап, өз өндірісін ашуды армандаушы еді. Саудамен бірнеше жыл айналысқанымен, іштей өз ісін бастауды қалаған ой маза берген емес.
Бұл арманның жүзеге асуына Рабиғаның ұлы себеп болды. Бала шақтан ол да ойыншық зауыты туралы армандайтын. Қытайда оқып жүрген кезінде студент Наурызбек осы нарықты зерттеп, жаңа технологиялар мен жабдықтарды меңгерген соң, алғашқы станокты 30 мың долларға сатып алуға шешім қабылдады. Бұл ойға ата-анасын көндірді.
Алғашқы қадам үлкен жетістікке ұласты: 2013 жылы олардың өндірісінен алғашқы партия — 200 жүк көлігі ойыншығы шықты. Осы арада Рабиға «Даму» Қорының қолдауын алды, бұл қосымша жабдықтар сатып алуға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік берді. Бір жылдан кейін олардың цехы айына 7 000 ойыншық шығаратын деңгейге жетті, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 10 000-ға дейін артты.
2016 жылы Рабиға тоқтап қалмай, «Оңтүстік» индустриал аймағында толыққанды фабрика құрылысын бастады. Бұл процесс оңай болған жоқ, алайда «Даму» Қорының қолдауымен жеңіл несие арқылы жүзеге асты.
2023 жылы, «Ұлттық жоба» бағдарламасы барысында, Рабиға «Фридом Банк Қазақстаннан» жылына 23,75%-бен үшінші рет несие алды. Оның 15,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялады, ал жеткіліксіз кепілзаттың орнына Қор 85%-ын өз кепілдігімен қамтамасыз етті. Бұл жаңа жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік беріп, үлкен жетістіктерге тағы бір қадам жақындатты.
Бүгінде Рабиғаның фабрикасының өнімдері Алматы, Астана, Актөбе және Оралда сатылады, ал әр жыл сайын ассортимент жаңартылады. Барлық өнімдер сертификатталған және ГОСТ талаптарына сәйкес келеді. Бірақ Рабиға тоқтап қалмайды — оның ең негізгі арманы — шағын кәсіпорынды үлкен зауытқа айналдырып, көптеген ойыншықтар түрлерін шығарып, Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ету.
Шымкент қаласы, Капал Батыр көшесі, «Оңтүстік» индустриал аймағы
Контакт: 8-775-733-19-68