menu
Жабу

Кеңес ал!

Шығыс Қазақстанда спорттық сырт киімдер шығаратын компания қолдау алды

23.06.2025

Андрей Дегунков құрған «Альприма» ЖШС 2013 жылдан бері жеке эксклюзив дизайны, корпоративтік/командалық стилі, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапасы бар спорттық киім шығарыпк еледі. Өскемендегі бұл тігін кәсіпорны Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық құраманың ауыр атлеттері үшін спорттық киім дайындады. Сондай-ақ, кәсіпорын полиграфиялық өнімдерді, кәдесый өнімдерін шығарады, аудио және бейне-жарнама жасау, кәсіби фотография бойынша қызметтер көрсетеді.

2022 жылдың қараша айында Андрей Дегунков «Банк Центр Кредиттен» несие алғанда «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қарыз мөлшерлемесін субсидиялап, жылына 6%-ға дейін түсірді. Сондай-ақ, кепілзат жетпегендіктен «Даму» Қоры кәсіпкерге кепілдік те берді.

қазақстандық сертификатталған спорттық киім өндірушісі «Альприма» ЖШС жыл сайын отандық тауар өндірушілердің «Ұлттық өнім» көрмесіне қатысады.

+7 705 530 99 61

Instagram: @alprima.kz

ШҚО, Өскемен қаласы, Атлантическая көшесі, 38.