Кеңес ал!
10 жылдан астам өрт сөндіруші болып жұмыс істеген Нұрмаханбет Кызайбайұлы 2015 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, көлік алып-сату бизщнесіне кірісті. Біраз уақыт қаражат жинаған Тараз қаласында «DAMDI MART» супермаркетін ашты.
Табандылық, стратегиялық көзқарас және дамуға ұмтылыстың арқасында кәсіпкер жергілікті халықтың қажеттін дәл тапқан тұрақты бизнес құра алды.
2025 жылы Нұрмаханбет Салматаев «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, егжей-тегжейлі кеңес алып, «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алды. «Жоба «Даму» қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» бағдарламасы аясында қолдау алды. Несие сауда жабдықтарын жаңғыртуға, сауда алаңын кеңейтуге және логистикалық процестерді жақсартуға жұсалды.
Бұл қолдау жедел өсудің негізгі факторына айналды, тауар айналымы ұлғайды, жаңа жұмыс орындары құрылды, жергілікті өндірушілердің тауарларын қоса алғанда, өнім ассортименті кеңейді. Бағдарлама бизнестің нарықтағы позициясын күшейтіп қана қоймай, өңір экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді. «DAMDI MART» супермаркеті Тараз қаласының жаңа 16 шағын ауданында орналасқан.
Бүгінде ЖК Салматаев Н.К. - кәсіпкерлердің қолжетімді мемлекеттік құралдарды пайдалана отырып, өз бизнесін едәуір нығайтып, елдің ішкі саудасын дамытуға нақты үлес қоса алатындығының табысты мысалы.
Тел. + 77773189697