Кеңес ал!
Бурабайдың сұлу табиғаты аясындағы — @Les_hotel&borovoe нағыз ертегілер еліндей.
Заманауи демалыс орны мен SPA-орталық Щучинск қаласында бір кезде шағын лашықтан отбасылық кәсіп болып басталған. Қазір ірі инвестициялық жобаға айналды. Оған мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау серпін берді.
Жалпы алаңы 450–500 ш.м. болатын SPA кешені денсаулықты қалпына келтіруге арналған қызметтердің: массаж, орау, аромаванна, тері күтімі, бу процедуралары сияқты көптеген түрін ұсынады. Орманды алқап пен саф ауа демалушылардың шаршауын бір сәтте-ақ сылып алады.
«Wellness & Resort» ЖШС демалыс орнына инвестиция қажет болғанда ауылдық жерлерді қолдау бағдарламасы аясында «First Heartland Jusan Bank»-тан 60 айға 19,25%-бен несие алып, ол мөлшерлеменің 9,25%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады.
Бұл жоба — бизнес, отбасының сенімі және мемлекеттің қолдауының үйлесімі. Ол тек өңірдегі туризмді дамытып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімін арттыруға мүмкіндік берді.
Инстаграм: @Les_hotel&borovoe
Телефон: 8 707 361 61 91, 8 700 736 02 32
Эл.почта: hotel.les@bk.ru
Адрес:Ақмола облысы, Щучинск қ-сы, Канай би к-сі, 205 В үй