menu
Жабу

Кеңес ал!

Ас пісіруден бастап аспанмен таласқан ғимараттар салу ісіне дейін жеткен кәсіпкер

26.06.2025

Орынбасарова Нұргүл Охасқызы өмірдің ең күрделі кезеңдерінің өзі маңызды әрі ауқымды жобаларға бастау бола алатынын дәлелдеді. Пандемияға дейін ол кондитерлік бизнесті сәтті жүргізіп келді. Оның өнімдері Жаңаарқа ауданы тұрғындары арасында кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие болды. Алайда, COVID-19 пандемиясы басталған 2020 жылы кәсібін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Қиындықтарға қарамастан, Нұргүл кәсіпкерліктен бас тартқан жоқ. Жолдасымен бірге олар батыл шешім қабылдап, отбасылық жинақтарын көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына бағыттады. Алғашқы нәтижесі – аудан әкімдігінің сұранысы бойынша салынған алты пәтерлі үй болды. Бұл қадам өзекті әлеуметтік мәселені шешуге қосылған саналы үлес еді. Алғашқы жобаның сәтті жүзеге асуы ерлі-зайыптыларды бастаған істерін жалғастыруға жігерлeндірді. 2024 жылы олар сегіз пәтерлі екінші тұрғын үйді аяқтады. Бұл үй балабақшаның қасында орналасқан және толығымен отбасының жеке қаражатына салынған.

Алайда Нұргүлдің жүрегінде әрдайым тұнып жүрген шынайы арманы — жеке балабақша ашу болатын. Бұл ой алғаш рет 2018 жылы пайда болды, ол кезде Нұргүл өзі баласын балабақшаға орналастыра алмай, орын тапшылығы мәселесін жеке басынан өткерді. Содан бері бірнеше жыл бойы ол қажетті ақпаратты жинап, мамандардан кеңес алып, қолданыстағы заңнаманы мұқият зерттеді. Тұрғын үй жобалары аяқталғаннан кейін ғана ол осы арманды жүзеге асыруға назар аударды.

2024 жылы Нұргүл несие қаражатын алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінді және Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде «Даму» қорының мемлекеттік қолдауына ие болды. Жобасы мақұлданып, несиенің пайыздық мөлшерлемесі 10%-ға дейін төмендетілді, сондай-ақ 50 % көлемінде қордың кепілдігі берілді. Осы қолдаудың арқасында балабақша салынып, жұмысын бастады. Бүгінде бұл балабақша мемлекеттік мекемелердегі орын тапшылығын азайтып, балаларды тәрбиелеуге жайлы жағдай жасап отыр.

Мұндай бастамалардың қажеттілігі айқын. Жаңаарқа ауданында 18 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді, алайда бар болғаны бес балабақша ғана жұмыс істейді. Бүгінде 500-ден астам бала кезекте тұр. Мәселенің ауқымын жақсы түсінетін Нұргүл қазіргі жұмыс істеп тұрған балабақшаның жанынан екінші жеке балабақшаның жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар, ол аудан орталығында тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жобаны — қонақүй құрылысын аяқтап келеді. Бұл жаңа нысан ішкі туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Жаңаарқаның іскерлік белсенділігін нығайтады.

Нұргүл Орынбасарованың тарихы - табысты кәсіпкерліктің үлгісі ғана емес. Бұл қоғамға пайдалы болуға ұмтылыстың, шешім қабылдаудағы батылдықтың және өз күшіне сенудің өз күшіне деген сенімнің адам тағдырын ғана емес, тұтас бір өңірдің өміріне оң өзгеріс әкеле алатынын дәлелдейтін жарқын мысал. 

Мекенжайы: Жаңаарқа ауданы, Сейфуллин даңғылы, 77

Байланыс телефоны: +7 702 422 8494