menu
Жабу

Кеңес ал!

BRAMF OPERATIONS ұсынған үйіңізге арналған мінсіз дизайн және ең жоғары сапа

30.06.2025

«BRAMF OPERATIONS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылы Алматы қаласында құрылған. Негізгі қызмет түрі әр түрлі материалдардан ас үй жиһаздарын жасау болып табылады. Қазіргі уақытта компания өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруға қажетті барлық инфрақұрылымды, атап айтқанда, құрал-жабдықтар, жүк көтергіш, өндірістік цех, дайын өнім қоймасы, шикізат пен материалдар қоймасы, өзінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне ие. Бағдарлама құрамдас бөліктерді өндіруден бастап соңғы тұтынушыға жиһаз орнатуға дейінгі дайын өнімнің дайындығын бақылай алады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы компания «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 20,75% құрайды, оның 12,75% «Даму» Қоры есебінен, 8% кәсіпкер төлейді. Төмен пайыздық мөлшерлемемен қатар, компания «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды. Қарыз қаражаттары өндіріске шикізат сатып алуға жұмсалады.

Қолдау арқасында Компания дайын өнім шығарудың бірнеше кезеңдерін қамтитын заманауи өндіріс кешенін құрды. Өндіріс орындары жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

«BRAMF OPERATIONS» ЖШС өңірдің экономикасын мақсатты түрде дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.

Мекен-жайы: Алматы қ-сы, Зимняя к-сі, 1Г
Телефон: +7-775-888-36-63

Instagram: @bramf.kz