menu
Жабу

Кеңес ал!

«Востокремстроймонтаж» ЖШС – резеңкеден техникалық бұйымдар өндіруші

02.07.2025

1998 жылы құрылған «Востокремстроймонтаж» ЖШС – резеңкеден техникалық бұйымдарды форма және формадан тыс тәсілмен өндіреді. Өнім номенклатурасы экономиканың өнеркәсіп және аграрлық секторы үшін 2500-ден астам атауды қамтиды. Өтандық тауар өндіруші қазір «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобының отандық тауар өндірушілер тізілімінде тұр.

Барлық бұйымдар қолданыстағы МемСТ және техникалық шарттарға сәйкес дайындалады және қажетті нормативтік құжаттар (дайындаушы зауыттың паспорты, сапа сертификаты, CT-KZ нысанының шығу сертификаты) қоса беріледі.

Ірі тұтынушылар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Семей Инжиниринг» АҚ зауыты бар. Шағын тұтынушылар – негізгі құралдарын жөндеу үшін тапсырыс беретін кәсіпорындар, зауыттар, өнеркәсіп орындары. Зауыт негізінен өнеркәсіп пен Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін металл бұйымдар шығарады.

Компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы инвестиция үшін несие алғанда «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені жылына 8%-ға дейін төмендетіп, субсидиялады.

«Востокремстроймонтаж» ЖШС

Жетекшісі: Шелков Алексей Сергеевич

Байланыс телефоны: +7 777 743 33 77

Сайт: wps.vko.kz

ШҚО, Өскемен қ., Бажов к-сі, 431Б