Кеңес ал!
Қолмен жасалған дизайнерлік зергерлік бұйымдар – асыл тастар мен қымбат металды сөйлете білетін нағыз өнер. Мұндай әр әшекей бірегей. Өйткені шебер жанының салып, жеке әдістер мен түпнұсқа идеяларды пайдаланады. Соның жарқын мысалы ретінде, дәстүрдің символына айналған брендтердің бірі – ADAMI. Кәсіпкер Дамира Сейілханқызы жасайтын әр өнім қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарының көрінісі.
Өндірісте тек табиғи тастар мен «Таукен алтын» зауытының 999,99 сынамалы күмісі пайдаланылады. Бұл сапа мен беріктіктің кепілдігі. Әр бұйымда ҚР Мемлекеттік сынамасы, сондай-ақ өндірушінің тіркелген аты мен бренд логотипі тұр. Бұл белгі – өнімнің сапасы мен құндылығын растайтын сенім мен ресми символы. ADAMI табысының маңызды сәті - егжей-тегжейге назар аудару болды. Бұл өсіп келе жатқан брендке аудиторияны жеңіп қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударуға мүмкіндік берді. Қазақстандық өнер мен сән туралы түрлі басылымдардағы жарияланымдар марканың танылуына сенімді ықпал етті.
Үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу және жаңа технологияларды белсенді игеру ілгерілеуге ықпал етеді. 2022 жылы кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы дамуға, сондай-ақ зергерлік бұйымдар өндірісі үшін шикізат пен материалдарды сатып алуға қарыз қаражат алып, пайыздық мөлшерлемені 21%-дан 8%-ға дейін төмендетуге бағытталған қолдау мен кепілдік құралын «ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолданды.
Бүгінгі таңда ADAMI брендке ғана емес, Қазақстандағы тұтас мәдени құбылысқа айналды. Бұл жас дизайнерлерді, суретшілерді және шығармашылық тұлғаларды өз армандарын орындауға және өз ойын білдіруден қорықпауға шабыттандырады. Технологиялық дәлдіктің, дәстүрдің, жоғары өнімділік стандартының және әр бөлшекке мұқият қараудың үйлесімі зергерлік брендке жоғары құндылық пен сенімділікке ие бұйымдар жасауға мүмкіндік береді.
Мекенжайы: Астана қаласы, Григорий Потанин көшесі, 3/2 Жертөле қабаты. 20
Телефон: +7 701 724 65 11
Instagram: @adami_kz