menu
Жабу

Кеңес ал!

Кішкентай қадамдардан – үлкен жетістіктерге

02.07.2025

ИП «Маутина» табыс тарихы: Кішкентай қадамдардан – үлкен жетістіктерге

2023 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында сапа, қолжетімділік пен жайлылықты бағалайтындар үшін жаңа тартымды дүкен ашылды. Дәл осы уақытта Рада Тлеуғабылқызы Маутина «Маутина» жеке кәсіпкерлігін тіркеп, күнделікті сұранысқа ие тауарлар — жуу құралдары мен кеңсе тауарларын бөлшек саудалауға кірісті.

Кәсіпкер бастапқыда «Қарлығаш» сауда үйінде жалға алған шағын аумақта бастап, аз қаражат салып, бар күш-жігерін арнады. Клиентті тарта білу, дұрыс таңдалған ассортимент және табанды еңбек өз нәтижесін тез беріп, іс өрге басты.

Алдағы уақытта бизнесті одан әрі дамыту үшін инвестиция қажет екенін түсінген Рада Тлеуғабылқызы «ForteBank»-rt қаржылfq қолдау сұрап жүгінді. «Даму» қоры арқылы «Ішкі сауданы субсидиялау» бағдарламасы аясында кәсіпкер несиенің жылдық мөлшерлемесін бар болғаны 9%-ға түсіре алды. Айырмасын мемлекет өтейді. 33 миллион теңге көлеміндегі несие бизнесті кеңейтуге мүмкіндік берді: сауда нүктесі жаңартылып, ассортимент артып, жаңа тауарлар сатып алынды.

Бағдарлама отандық өнімді насихаттауды көздейді. Бұл дүкен сөрелеріндегі тауарлардың 20%-дан астамы — қазақстандық өндіріс орындарында шыққан. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдап, өңірдің экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Маутина» жеке кәсіпкерлігі — мемлекеттің қолдауы, өз күшіне сенім мен клиент қажеттіліктеріне мұқият қараудың арқасында тұрақты әрі болашағы зор бизнесті қалай құруға болатынының айқын үлгісі.

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 83 үй

+7 778 582 37 14