Кеңес ал!
«TRANS AL KZ» ЖШС – жүк тасымалы саласында нарықта өз орнын тапқан кәсіпорын. Соңғы уақытта бизнесін әртараптандыруға батыл қадам жасауда.
2024 жылы кәсіпорын «Біріңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қорының қолдауымен қала орталығында орналасқан коммерциялық ғимарат — спорт кешенін сатып алды. Бұл инвестицияға «Forte Bank» АҚ 19,75%-бен несие берді. Қор оны аталған бағдарлам аясында 9%-ға дейін төмендетті.
«TRANS AL KZ» ЖШС тек спорт кешенін жаңарту ғана емес, сонымен қатар осы жоба аясында жаңа бизнес-процестерді енгізуді де сәтті жүзеге асырды. Спорт залы денсаулыққа мән беретін адамдардың кездесу орнына айналып, сонымен қатар халыққа қолжетімді болды. Тәжірибе мен сапалы инфрақұрылымның негізінде кәсіпорын бірқатар ұйымдармен серіктестік орнатты, сондай-ақ қала тұрғындарының денсаулығы мен дене шынықтыруына инвестиция салуға дайын екенін көрсетті.
Осы жобаның аясында кәсіпорын үшін жаңа кезең басталды. «TRANS AL KZ» ЖШС тек жүк тасымалымен айналысатын кәсіпорындардан көпфункциялы ұйымға айналып, халыққа өмір сапасын жақсартуға бағытталған қызметтер ұсынуға көшті. Спорт кешені кәсіпорынның негізгі қызметіне маңызды толықтыру болып, жаңа табыс көздерін ашуға және нарықтағы ықпалды кеңейтуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорын нарықтағы өзгерістерге сәтті бейімделіп, тек көлік саласында ғана емес, басқа перспективті сегменттерде де дамуға дайын екенін ашық мәлімдеді. Әрине, жүк тасымалдары әлі де негізгі бағыт болып қала береді, бірақ Оралдағы спорт кешені кәсіпорынның сәтті әртараптандырылғаны мен бизнес көптүрлілігін жүзеге асырғанын айқын көрсетеді.
«Даму» қорының қолдауы мен мемлекеттік бағдарламасына қатысу осы жобаны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды және бастапқы кезеңде дұрыс қолдаудың үлкен табысқа жетудің кілті болатынын дәлелдеді. «TRANS AL KZ» дәстүрлі бизнесті тиімді дамытып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер іздеуде икемді әрі бастамашыл болуға болатынын көрсетті. Ал бұл жоба соның жарқын мысалы.
«Omega Sports» спорт кешені ашылғаннан бері сәтті жұмыс істеп, қала тұрғындары мен қызметкерлерінің денсаулығына қызығушылық танытқан ұйымдарға қызмет көрсетуді жалғастыруда. Нәтижесінде жоба тек табысты бизнес емес, сонымен қатар жергілікті инфрақұрылымды дамытуға маңызды үлес қосып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға ықпал етті.
«TRANS AL KZ» ЖШС — бұл тәуекелге барудан қорықпай, мемлекеттік қолдау мен нарық ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы жаңалыққа ұмтылған кәсіпорынның үлгісі.
ҚР, БҚО, Орал қ. Есенжанов көшесі 38
Телефон +7 777 797 37 37
Instagram: @omegasport.kz